Абай облысында жылу маусымы штаттық режимде өтуде. Сондай-ақ жылу көздеріндегі жылу тасымалдағыштың параметрлері нормативтік көрсеткіштерге сәйкес келеді. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жандос Қайырханов баяндады.
Бүгінде облыс орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты сағатына 100 Гкал асатын 4 ірі және сағатына 100 Гкал кем 41 жылу көздерімен қамтамасыз етіледі. Автономды қазандықтардың саны 330. Облыстағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 401,8 шақырым болса, оның 322 шақырымы Семей қаласына тиесілі. Семей қаласын жылумен жабдықтауды 21 қазандық және «Теплокоммунэнерго» МКК №1 ЖЭО жүзеге асырады. Одан бөлек 76 орталық жылу пункттері бар.
«Жылу маусымы басталғаннан бері жылумен жабдықтау желілерінде тіркелген технологиялық бұзушылық айтарлықтай азайды. Нақты айтар болсақ, 2023-2024 жылдардағы күзгі қысқы кезеңге қарағанда 46%, жылу көздерінде 78% дейін төмендеді. Сондай-ақ электрмен жабдықтау желілерінде тіркелген авариялық ажыратулар өткен жылу маусымының ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға аз. Авариялық қызметтердің қызметкерлері технологиялық бұзушылықтарды уақтылы және нормативтік регламенттер шеңберінде жойып отырады», - деді облыстық басқарма басшысы.
Өңірдің көмірге жалпы қажеттілігі 1 млн 247 мың тоннаны құрайды. Оның ішінде тұрғындарға қажетті көмірдің 83%, жылу көздері үшін 56%, әлеуметтік нысандар үшін 100% жеткізілді. Облыстың коммуналдық-тұрмыстық секторы және жылу көздеріне көмірді уақтылы жеткізу үшін «Қаражыра» АҚ және «ҚТЖ» АҚ-мен бірлескен кесте бекітілген. Тұрғындар мен коммуналдық-тұрмыстық сектор үшін көмір сататын 16 пункт жұмыс істейді (12 теміржол тұйығы және 4 ірі қойма). Барлық нысандар қажетті техникамен, жүк көлігі үшін кіру тұрақтармен жабдықталған. Басқарма облыстың елді мекендеріне көмірдің қажеттілігі мен жеткізілуіне күнделікті мониторинг жүргізеді.
«2024-2025 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында облыста 22 жоба ақталды. Осы жобалар шеңберінде 26,1 шақырым жылу желілері мен 17 жылу көздерінде жұмыс жүргізіліп, жоспардың 100 % орындалды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша 14,7 шақырым қайта жаңарту, 4,8 шақырым желілер мен 10 жылу көздеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 2024 жылы облыстың жылу желілерінің тозуы 64,2%-дан 60,3%-ға дейін төмендеді. Ал 2025 жылы қалған жобаларды толық аяқтау, сондай-ақ екі жаңа жобаны іске асыру нәтижесінде тозуды 57,6% дейін төмендету күтілуде», - деді Жандос Маратұлы өз баяндамасында.
Әкімдік отырысында облыс кәсіпорындары мен заңды және жеке тұлғалардың коммуналдық қызметтер үшін дебиторлық берешегі талқыланды. Осыған байланысты аймақ басшысы нақты шараларды қолға алып, қарызбен күресті күшейтуді тапсырды.
«Атқарушы билік өз тарапынан облыс тұрғындарын жылумен, сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етуге бар күшін салады. Жылу мәселесі менің жеке бақылауымда. Дегенмен, тұтынушылар өз жауапкершілігін сезінуі тиіс деп есептеймін. Коммуналдық қызметке уақытында төленген өтемақы жылу маусымын ойдағыдай аяқтауымызға септігін тигізетіндігін ескергеніміз жөн. Осыған орай өз орынбасарларым мен басқарма басшылары, қала және аудан әкімдеріне берешекті өтеу бойынша жұмысты жандандыруды тапсырамын», -деді облыс әкімі.
Андреевка ауылдық округінің акимат және мәдениет үйінің қызметкерлері 'Орманымызды сақтайық' атты іс-шараға 'Таза Қазақстан' акциясы аясында қатысты."
Абай облысында 2500-ден астам тұрғын биыл некеге тұрған
Үйлену тойы – әр адамның өміріндегі маңызды әрі жауапты қадам. Некеге тұрудың алғашқы кезеңі – өтініш беру және неке қию туралы куәлік алу. Жыл басынан бері Абай облысында 2730 жұп некеге тұрған, ал ажырасуға 448 отбасы өтініш берген.
Некені тіркеу үшін болашақ жас жұбайлар АХАТ бөлімдеріне (РАГС) ХҚКО арқылы өтініш беруі қажет. Сонымен қатар өтінішті электрондық үкімет порталы – egov.kz арқылы да жіберуге болады.
Өтініш берген кезде келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Жеке басын куәландыратын құжаттар;
- Егер некелесу екінші рет болса, алдыңғы некенің бұзылғаны туралы куәлік;
- Балалары бар болса, балалардың туу туралы куәліктері;
- Мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек (2024 жылы баж мөлшері 3 864 теңгені құрайды, төлем кез келген банктің кассасында жүргізіледі).
АХАТ қызметкері сіздің өтінішіңіз бен құжаттарыңызды қабылдаған соң, неке қию рәсімінің күні белгіленеді. Бұл күн өтініш бергеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап он бесінші күнге сай келеді.
Белгіленген күні АХАТ бөліміне барып, неке қию туралы куәлікті алу қажет. Сол күннен бастап сіз ресми түрде ерлі-зайыпты болып саналасыз, ал сіздің некеңіз заңды түрде тіркелген болып есептеледі.
Айта кетсек, Семей қаласындағы АХАТ бөлімі Найманбаев көшесі, 139-үйде орналасқан.
Қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрыптарының ішінде ең қызықтысы – тұсау кесу. Жаңа ғана жүре бастаған баланың аяғын түрлі-түсті жіппен байлап, оны үлкен, жігерлі, белсенді әйел кесіп тастайды, осылайша оған оның қасиеттерін береді.
– Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.
t.me/aqorda_resmi
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!
Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.
Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.
Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.
Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.
Ораза қабыл болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!