
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Білім басқармасының басшысы Жаңасемей ауданына жұмыс сапарына барып, бірнеше мектепті аралады.
Шаған кентіндегі №24 негізгі жалпы білім беретін мектепте оқу процесінде заманауи әдістемелік құралдар мен IT-кабинет қолданылады. Мектеп 1994 жылдан бері шәкірт тәрбиелеп келеді, бірақ кент тұрғындары жаңа мектеп салуды сұрайды. Осыған байланысты мәселені жан-жақты қарастыру тапсырылды.
Сондай-ақ Прииртышское ауылындағы Біржан Исаділов атындағы орта мектепке де барды. 1984 жылы ашылған бұл мектепте 17 оқу кабинеті, оның ішінде IT-кабинет бар. Мектеп оқушыларды оқулықтар және әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етеді.
Әкім білім беру мекемелерінің инфрақұрылымын жақсарту бойынша тапсырмалар беріп, әр мектептің жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.