
Облыс әкімі мен Білім басқармасының басшысы Бесқарағай ауданының Бөдене ауылына жұмыс сапарымен барды. Ауылдағы мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және оны одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Мектепте 71 оқушы оқиды. Мектепалды даярлық тобы мен шағын орталық жұмыс істеп тұр. Биыл мектеп инфрақұрылымын жаңартуға бюджеттен қаражат бөлінді. Терезелер ауыстырылып, сумен жабдықтау, кәріз және желдету жүйелеріне, спортзал мен киім ауыстыратын бөлмелерге жөндеу жүргізілді. Жарықтандыру жаңартылып, жылыту жүйесі ішінара жаңғыртылды. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етілді. Сонымен қатар өткен жылы құны 5,5 млн теңгеге физика кабинеті жабдықталды.
Бөденедегі мектепті жаңғырту жұмыстарын жалғастыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.