
✍️Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Олимпиаданың негізгі мақсаты – мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамыту. Білім сайысында 80 мұғалім бақ сынады.
🏆Қорытындысы бойынша І орынды 8 мұғалім иеленді, ІІ орынды 9 мұғалім алса, ІІІ орынмен 18 мұғалім марапатталды. Сонымен қатар жоғары нәтиже көрсеткен 8 мұғалім арнайы грамотамен марапатталды.
Командалық есеп нәтижелері:
І орын – Семей қаласы
ІІ орын – Жарма ауданы
ІІІ орын – Бородулиха ауданы
Үш бөлімнен тұратын олимпиада тапсырмаларын орындауға 90 минут уақыт берілді. Бағалау көрсеткіші - 100 ұпай. Үздік көрсеткіш көрсеткен 8 мұғалім ақпан айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.