
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің шалғай ауылдарының педагогтерімен кездесу өткізді. Шара барысында «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасының қорытындылары талқыланып, орта білім беру саласындағы өзекті мәселелер көтерілді.
👩🏻🏫Кездесуге Абай облысынан 9 педагог қатысты. Олар өздерінің жетістіктерін баяндап, білім сапасын арттыру бағытындағы тәжірибелерін бөлісті.
✅Абай облысынан қатысқан педагогтер: Ерқанат Сәдуханов - Абай ауданы, Найля Садыкова - Жарма ауданы, Саят Бодомбаев - Бородулиха ауданы, Шыңғыс Шынарбек - Семей қаласы, Ляйла Ахметкалиева - Ақсуат ауданы, Айнаш Акбасова - Жанасемей ауданы, Наталья Елюбаева - Бородулиха ауданы, Лаура Кусаинова - Ақсуат ауданы, Алтын Манханова - Жарма ауданы.
▫️Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының биология пәнінің мұғалімі Ерқанат Сәдуханов өз пікірін білдірді. Жас педагог өзінің халықаралық жобаларға қатысып, шығармашылық жұмыстарды оқу процесімен қатар алып жүргенін айтты. Голливудтың танымал әртістерімен бірлесіп жұмыс істеген тәжірибесін мысалға келтіріп, бұл шығармашылық жобалардың балалардың шабытын оятуға ықпал ететінін атап өтті.
✔️Кездесу соңында педагогтер ҚР Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Бірқатар педагог пен білім беру мекемелері жетістіктері үшін марапаттарға ие болды. Жарма ауданы Георгиевка орта мектебі «Тиімді ауыл мектебі» номинациясы бойынша сертификатпен марапатталса, мектеп директоры «Іскер менеджер» дипломын алды. Бородулиха ауданы Н. Островский атындағы орта мектеп мұғалімі Саят Бодомбаев «Оқу ісінің шебер ұйымдастырушысы» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Электротехника колледжінің оқытушысы Шыңғыс Шынарбек «Үздік сынып жетекшісі – 2024» республикалық байқауында Бас жүлде иеленді.
Өткен жылдан бері министрлік қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға, инфрақұрылымды жақсартуға және ауылдық мектептерде кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасын іске қосты.