⚡️Арнайы мектеп-интернаттардың қажеттіліктері назарға алынды

⚡️Арнайы мектеп-интернаттардың қажеттіліктері назарға алынды

⚡️Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар оқитын №5 және №6 арнайы мектеп-интернаттарына барды. Мекемелердің материалдық-техникалық базасымен танысып, педагогтер және тәрбиеленушілермен кездесті.

Сапар барысында облыс әкімі интернат басшыларынан қандай мәселелер толғандыратынын сұрады. Солардың қатарында интернат ауласында спорт алаңдары мен спортзал салу мәселесі айтылды. Бұл мәселелерді шешу бойынша Білім басқармасына тарапынан тиісті жұмыстар атқарылады.

🔗Анықтама: интеллекті жеңіл және орташа бұзылған 250 бала оқитын №6 интернатта 15 оқу кабинеті, 6 шеберхана, сенсорлық бөлме, педагог-психолог кабинеті және басқа да арнайы үй-жайлар жұмыс істейді.

№ 5 интернатта есту қабілеті және сөйлеу қабілеті бұзылған 141 бала оқиды, оның 50-і мүгедек. Мектептің қарамағында 27 оқу кабинеті, жатын бөлмелері, спорт залы, кітапхана және асхана бар.