⚡️«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

⚡️«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«Қаныш Сәтбаев: ғылыми мұра және тарих» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияның мақсаты – Қаныш Сәтбаевтың еңбектеріндегі ұлттық құндылықтарды айқындау, оның әдебиет пен халық мәдениетіне қатысты зерттеулерін зерделеу арқылы педагогтердің шығармашылық әлеуеті мен инновациялық әдістерін дамыту.

Іс-шараға 100-ге жуық ғылыми мақала ұсынылып, олардың ішінен 30 педагог облыстық кезеңге қатысуға іріктелді. Қатысушылар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасындағы құндылықтарды білім беру тәжірибесінде тиімді қолданудың озық үлгілерін көрсетті.

Конференция қорытындысы бойынша үздік педагогтер 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар «Отбасы хрестоматиясы» қорының қаржылай сыйлықтары мен «Балалар кітапханасы» жобасының аясында арнайы көркем әдеби кітаптар табысталды.

Бұл конференция педагогтер қауымының тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, тәрбие жүйесін жаңғыртуға арналған маңызды қадам болды.