
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Білім басқармасы басшысы Нұржан Ахметқалиев Семейдегі № 4 арнайы мектеп-интернатқа барды. Оқу орнының қазіргі жағдайы, материалдық-техникалық базасымен танысты. Мектеп ұжымы және тәрбиеленушілерімен кездесті.
Облыс әкімі жаңа жыл қарсаңында оқушыларды құттықтап, зор денсаулық, қуаныш және оқуда табыс тіледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қамқорлық жасау басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
Интернат директоры оқушылардың жетістіктерін атап өтіп, олардың оқу және шығармашылық, қоағамдық жұмыста белсенді екендерін алға тартты.
🔗Анықтама: мектеп 100 оқушыға арналған. Жалпы ауданы - 2488 шаршы метр. Негізгі ғимарат 1950 жылы салынса, ал жатын ғимарат 1978 жылы іске қосылды. Мектепте есту қабілеті бұзылған 72 бала оқиды, оның 65-інің мүгедектігі бар. Олардың білім алуы және тұрмыстық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін тиісті жағдай жасалған. Мекемеде 49 педагог қызметкер жұмыс істейді. 21 кабинет, 6 дефектолог кабинеті, есту жұмысы кабинеті, сондай-ақ қыздар мен ұлдарға арналған екі оқу шеберханасы қарастырылған. Оқушылардың жатын корпусы 65 орынға арналған, ал типтік оқу корпусы білім беру үшін толық жабдықталған. Сондай-ақ мектепте бейімделген спорт залы, кітапхана, 90 орындық асхана және медициналық пункт бар.