⚡️Абай облысының ұстаздары «Ұстаз» фильмін тамашалады

⚡️Абай облысының ұстаздары «Ұстаз» фильмін тамашалады

🎥Абай облысының педагогтері үшін режиссер Ерлан Ұшақбаевтың «Ұстаз» көркем фильмінің арнайы көрсетілімі өтті. Туынды педагогтердің қоғамдағы маңызын көрсетіп, мұғалімдерге деген құрметті арттыруды көздейді.

👩🏻‍🏫Көрсетілімге 300-ге жуық білім саласының қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында мектеп директорлары мен ұстаздары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйым педагогері бар. Шараға Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев қатысып, фильмнің маңыздылығын ерекше атап өтті:

💬«Педагог – мамандық қана емес, үлкен миссия. Бұл фильм ұстаздардың еңбегін қоғамға танытып, педагог мәртебесін арттыру жолында маңызды қадам деп білеміз. Мұндай шығармалар мұғалімдердің рухын көтеріп, білім беру саласына жаңаша серпін беретіні сөзсіз», – деді басқарма басшысы.

Фильмнен алған әсерін бөліскен педагогтер өз кәсібіне деген мақтаныш сезімдерін жеткізді. Көрсетілім соңында ұстаздар арасында фильмнің мазмұны талқыланып, пікір алмасу өтті.

Фильм Абай облысының барлық білім беру мекемелерінде көрсетіледі. «Ұстаз» фильмінің идея авторы – Бейсен Құранбек, сценарийін жазған – Гүлмира Қадырқызы. Фильм Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің қолдауымен түсірілді.