
🥊Индонезияның Джакарта қаласында 6-10 желтоқсан аралығында ММА бойынша жастар және ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 66 елінен 907 спортшы қатысты.
🥉Абай облысынан жарысқа қатысқан «Жас ұлан» ерлер лицейінің ұландары Меден Аминхан мен Әлинұр Қайырбеков қола жүлдегер атанды.
Меден Аминхан 50 кг салмақ дәрежесінде, ал Әлинұр Қайырбеков 75+ кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, әрқайсысы үш жекпе-жектен жеңіске жетті.
Бұл жетістік – ұландардың қажырлы еңбегінің және жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі.
Жетекшісі: Курмет Какимов