
Жарма ауданында Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің төрағалығымен мектеп директорларына жиналыс өтті. Жиында мектептердегі оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру, оқушылардың қауіпсіздігі мен тәрбиелік жұмыстардың сапасын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.
▫️Білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысын жүйелеу, педагогикалық этиканы сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытындағы міндеттерге ерекше назар аударылды. Оқушылардың психологиялық жай-күйіне қолдау көрсету мақсатында мектептердегі психологиялық қызметтердің рөлін күшейту қажеттігі де айтылды.
🔹Сонымен қатар санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалау, жылыту жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және жол қауіпсіздігін бақылау мәселелері күн тәртібінде болды. Мектеп директорларына осы бағыттағы жұмыстарды бақылауда ұстау тапсырылды.
📌Жиын қорытындысында аудан мектептеріндегі оқу мен тәрбие сапасын жақсарту, педагогикалық ұжымның кәсіби әлеуетін дамыту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.