
▫️Қазақстанда пилот жоба ретінде балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Бұл жүйе мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға, бюджет қаражатын ашық жұмсауға мүмкіндік береді. Қаржы енді ұйымдарға емес, ата-аналардың арнайы шоттарына аударылады, олар өз таңдауларын жасау арқылы баласын қай балабақшаға беретінін анықтайды. Бұл өзгеріс балалар үшін барлық балабақшалардың бәсекеге түсуіне, сапаға мән беруге ықпал етеді. Сонымен қатар деректерді цифрландыру арқылы “жалған тіркеулердің” мәселесі шешіліп, білім беру сапасын жақсартуға бағытталған шаралар қабылданады.