⚡️Көкпекті ауданындағы білім беру инфрақұрылым мәселелері бақылауды қажет етеді

⚡️Көкпекті ауданындағы білім беру инфрақұрылым мәселелері бақылауды қажет етеді

Облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев пен облыстық басқарма басшылары жұмыс сапарымен Көкпекті ауданында болды. Сапар барысында әлеуметтік, білім беру және спорт инфрақұрылымының негізгі нысандарында болып, оларды одан әрі дамыту бойынша тапсырмалар берілді.

▫️Әкім орынбасары мен Білім басқармасының басшысы 600 орындық Көкпекті орта мектебінде болды. Мектепте 500-ден астам бала білім алады. Бірақ мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді.

📌Мектептің материалдық-техникалық базасы жақсартуды талап етеді. Осы мақсатта аудандық білім бөлімі мен мектеп басшылығына қажетті құрал-жабдықтар мен ресурстар тізімін әзірлеу және есептеу жүргізу тапсырылды. Оқу үдерісінің сапасына әсер ететін құрал-жабдықтар немесе ресурстардың жетіспеушілігіне жол берілмеуі қажеттігі ескертілді.

▫️Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев ауданның әлеуметтік қызметкерлерімен өткен кездесуде білім беру жүйесін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды таныстырды. Оның ішінде ваучерлік қаржыландыру мен әлеуметтік әмиян жобаларының жұмыс барысы түсіндірілді.

Көкпекті ауданында 2000-нан оқушысы бар 18 мектеп жұмыс істейді. Үш мектеп реновацияға енді, нысаналы мектеп саны - 4.