
🧮Жаратылыстану-математика бағыты бойынша ІІ Республикалық ауыл олимпиадасы қорытындыланды. Абай облысының оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Олимпиадаға облыстан 33 оқушы қатысып, 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.
🥇Алтын медаль иегерлері:
• Бородулиха ауданы Переменовка орта мектебінің 11-сынып оқушысы Әділхан Ержанов математика пәні бойынша биыл да І орын алып, Сүлейман Демирель университетінің оқу грантына ие болды.
• Ақсуат ауданы М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрболат Майдан физика пәнінен І орын;
• Жарма ауданы Бақыршық орта мектебінің 9-сынып оқушысы Валерия Кочубей биология пәнінен І орын;
• Мақаншы ауданы Жарбұлақ орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мерей Турсумбаев химия пәнінен І орын;
🥈Күміс медаль иегерлері:
• Мухаметчин Фарид - Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
• Әлия Қалиасқарова - Үржар ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Дильназ Темержан - Жарма ауданы Жаңғызтөбе орта мектеп-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы;
🥉Қола медаль иегерлері:
• Айзере Қанапья - Жарма ауданы Ақтайлақ би атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
• Айша Оралханова - Үржар ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп-бақшасының 10-сынып оқушысы;
• Нұржалғас Қайырбеков - Жарма ауданы Георгиевка орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
• Бекжан Манарбеков - Мақаншы ауданы Найманбай атындағы орта мектебінің 11 - сынып оқушысы;
Бұдан бөлек үздік нәтиже көрсеткен 4 оқушы грамотамен марапатталды.