⚡️ «JAS SARBAZ CHESS CUP - 2024» шахмат турнирінің облыстық кезеңі өтті

⚡️ «JAS SARBAZ CHESS CUP - 2024» шахмат турнирінің облыстық кезеңі өтті

▫️Халық қаһарманы Р. Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай облыстық «JAS SARBAZ CHESS CUP-2024» шахмат турнирі өткізілді.

Турнирге Семей қаласы мен Абай, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Жаңасемей, Көкпекті, Мақаншы аудандарының «Жас сарбаз» сыныптары мен әскери-патриоттық клуб мүшелері қатысты

Турнир аясында жетекшілерге әскери кафедраның тұрмыс тіршілігі мен оқу қару жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.

Қорытынды бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
♟️Қыздар арасында:
• I орын – Шырын Нұржанқызы (Аягөз ауданы)
• II орын – Дана Турсынбаева (Семей қаласы)
• III орын – Кәусар Жұмағазы (Ақсуат ауданы)

♟️Ұлдар арасында:
• I орын – Абзал Хамза (Аягөз ауданы)
• II орын – Никита Глухов (Бородулиха ауданы)
• III орын – Ерхан Закиров (Мақаншы ауданы)

Жеңімпаздар диплом, медальдармен марапатталды, қатысқан командаларға сертификаттар және «Alikhan Bokeikhan University» президентінің алғыс хаттары табыс етілді.