
Абай облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев пен облыстық білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев Ақсуат ауданына жұмыс сапарына барды. Сапар барысында олар бірқатар білім беру мекемелерінің қазіргі жағдайымен танысып қайтты.
▫️Әкім орынбасары мен Білім басқармасы басшысы Ы. Кабеков атындағы орта мектепте болды. 572 орынға есептелген білім ордасы бүгінде 1-11 сыныптарда 354 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 25 балаға білім мен тәрбие беріп отыр. Мектеп ғимараты күрделі жөндеуді қажет ететіні анықталды. Мектептегі қауіпсіздік пен оқу сапасын арттыру мақсатында тиісті шешімдер қабылдау жоспарлануда.
▫️Қожагелді батыр атындағы орта мектепте де тексеру жүргізілді. 437 орындық мектепте мектеп жасына дейінгі 91 бүлдіршінді қосқанда 849 оқып, тәрбиеленуде. Оқу процесін жақсарту үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету жөнінде нақты ұсыныстар қарастырылды. Сондай-ақ сапар барысында Ақсуат колледжінің инфрақұрылымы мен оқу-өндірістік базасына ерекше назар аударылды. Қазір мұнда оқу шеберханасы құрылуда.
Ауданда 4 мыңнан аса оқушысы бар 19 мектеп жұмыс істейді. Бір мектеп реновацияға енді. Нысаналы мектеп саны - 4.