
Мектепке дейінгі білім беру ұйым педагогтері мен арнайы мамандарына арналған «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған білім беру ортасын бейімдеудің практикалық тәсілдері мен тиімді стратегиялары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
📌Іс-шараның мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау, тиімді педагогикалық әдістерді талқылау және мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді дамыту бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Семинарға Семей қаласы мен Бородулиха, Бесқарағай, Курчатов, Жарма аудандарынан 30-дан астам мектепке дейінгі ұйымның мамандары оффлайн форматта, Zoom платформасы мен Instagram желісіндегі тікелей эфир арқылы 100-ден астам педагог қатысты.
▫️Іс-шарада «Alikhan Bokeikhan University» педагогика-психология кафедрасының аға оқытушылары сапалы білім беру ортасын ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді талқылап, заманауи стратегиялар мен тәжірибелерді көрсетті. Сонымен қатар «Айгөлек» бөбекжайының мамандары ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істеудің тиімді әдістерін ұсынды.
🔹Қатысушылар инклюзивті білім беру бойынша нормативтік құжаттар, арнайы білім беру ұйым педагогтерінің қауымдастығы туралы ақпаратпен танысып, жеке бағдарламалар құру жөнінде ұсыныстар алды. Сондай-ақ жаңартылған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі бағыттары талқыланды.