
Мақаншы ауданында Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің төрағалығымен мектеп директорларына жиналыс өтті.
▫️Жиында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сөз болды. Сонымен бірге білім беру жүйесін дамыту, педагогикалық әдепті сақтау, тәрбие жұмысын жандандыру, мектептерде психологиялық қолдауды күшейту және инфрақұрылымды жақсарту мәселелері де талқыланды.
🔹Басқосу барысында мектептердегі қауіпсіздік қызметтерінің жұмыс сапасын жақсарту, оқушылардың мектеп аумағынан тыс қауіпсіздігін бақылауды ұйымдастыру және жол қауіпсіздігі ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды. Сондай-ақ тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шаралар белгіленді.
🔗Мақаншы ауданындағы 18 орта мектепте 4671 оқушы білім алады. Биылғы оқу жылының 1-тоқсанындағы білім сапасы 58,4%, мұғалімдер саны - 728.