
Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Сәрсебаев пен Білім басқармасының басшысы бірқатар білім беру мекемелерін аралап, олардың жағдайымен танысты.
Сапар аясында білім беру нысандары мен олардың материалдық-техникалық базасына зерделенді.
▫️Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп 1980 жылы салынған. Жалпы ауданы 3852,3 шаршы метр мектепте 18 оқу кабинеті бар. Бүгінде мұнда 125 оқушы білім алады. Мектеп ғимараты мен материалдық-техникалық базасы қазіргі заманғы білім беру стандарттарына сай жаңғыртуды қажет етеді.
▫️Бородулиха колледжінде 140 студент «тамақтануды ұйымдастыру», «ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «дәнекерлеу ісі» сияқты сұранысқа ие үш мамандық бойынша білім алады. Оқу орны өңірдің 16 кәсіпорнымен тығыз байланыс орнатып, түлектерді 100% жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
🔹Сапар барысында ауданның әлеуметтік қызметкерлерімен кездесу өтті. Кездесу барысында білім беру инфрақұрылымын жаңғырту және білім беру сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Білім басқармасының басшысы білім беру жүйесін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен ағымдағы жобалар туралы ақпарат ұсынды.
🔗Бородулиха ауданында төрт мыңнан аса оқушыны қамтитын 31 мектеп жұмыс істейді. Өткен жылы жаңғырту бағдарламасы аясында 50 мектеп жаңартылса, биыл 47 ауыл мектебіне 49 пәндік кабинет алу жоспарланған. 2025 жылы ауданның алты мектебін қайта жөндеу, яғни күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, материалдық-техникалық базасын жаңарту жоспарланып отыр.
Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру да басты назарда. Ауданда 316 мұғалім жұмыс істейтін 19 тірек мектебі бар. 2023 жылы 208 педагог тестілеуден өтіп, оның 148-і қорытынды аттестацияны сәтті аяқтады.