Абай облысы білім басқармасының мамандарымен 2024 жылдың 13, 15 қараша күндері Абай және Бесқарағай аудандарына ҚР Әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодексінің нормаларын сақтау мәселелері жөнінде көшпелі семинар өткізілді.

Кездесудің мақсаты – әкімшілік рәсімдер саласында заңнаманы қолдануға қатысты өзекті мәселелерді талдау, сондай-ақ қатысушылар арасында тәжірибе алмасу.

Іс шараға Абай және Бесқарағай аудандарының білім бөліміне бағынысты білім беру мекемелерінің басшыларының және өтінішті есепке алу және тіркелуіне жауапты мамандардың қатысуымен өтті. Семинар барысында қатысушылар азаматтардың өтініштерін қарау барысында туындайтын мәселелерді атады. Олардың көпшілігі тек нормативтік талаптарды сақтау мәселелеріне ғана емес, сонымен қатар шағымдар мен өтініштерді қарау кезінде кездесетін қиындықтарға да қатысты болды.

Талқылау барысында нормативтік талаптардың сақталуына да, азаматтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істеу барысында туындайтын қиындықтарға да қатысты көтерілген  мәселелерге білім басқармасының мамандарымен тиісті жауаптар берілді.