⚡️Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

⚡️Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

▫️Облыс әкімі төрағалығымен мектептер мен жол инфрақұрылымының қауіпсіздігі мәселесі талқыланды. Өңірдегі білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті қауіпсіздік құралдарымен жабдықтауға 107 млн теңге бөлінді. Аймақтағы барлық білім ошақтары бейнекамералар мен дабыл тетікшесімен жабдықталған.

📌Бұл туралы Абай облысы білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиев айтып берді. Турникеттердің орнатылуы - мемлекеттік мектептерде 100%, жекеменшік мектептерде – 85,7%, қосымша білім беру ұйымдарында – 22,7%, мемлекеттік колледждерде – 100%, жекеменшік колледждерде – 80%.

📈Облыстағы 127 мектепте Starlink спутниктік интернет жүйесі енгізілді. Бұл шалғай елді мекендердегі, соның ішінде Семей қаласы, Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха аудандарындағы білім беру мекемелерін тұрақты байланыспен қамтамасыз етеді. Жүйеге тағы 10 мектепті қосуға өтінім берілді.

📍«Sergek VMS» жүйесін пайдалана отырып, Ұлттық бейнебақылау жүйесін енгізу аясында облыстың білім беру ұйымдарын ҚР ІІМ өңірлік жедел орталығына қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар қауіпсіздік деңгейін арттыруға арналған.

⚠️Мектептер маңайындағы жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жол белгілері, жарықтандыру және бейнебақылау қондырғыларының жағдайы да сөз болды. Өңірдегі 501 білім беру мекемесінің маңындағы инфрақұрылымды ретке келтіруге 127 миллион теңге қажет. Мектеп маңындағы қауіпсіздікті жақсарту үшін қосымша бағдаршамдарды, сондай-ақ «Балалар» және «Жылдамдық шектеуі» деген жазуы бар ақпараттық тақталарды орнату туралы айтылды.

Екінші ауысымдағы оқушыларға ыңғайлы болу үшін Семейде қоғамдық көліктердің кестесін кешкі сағат 21:00-ге дейін, Аягөзде 20:00-ге дейін ұзарту ұсынылды.