⚡️9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

⚡️9-11 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН МАТЕМАТИКАДАН ОБЛЫСТЫҚ ОЛИМПИАДА ӨТТІ

Мақсаты - облыстың дарынды оқушыларының интеллектуалдық әлеуетін дамыту, математика пәні бойынша білімдерін тереңдету.

Олимпиадаға облыстың білім беру ұйымдарынан 9-11 сынып арасында 70-тен астам оқушы қатысты. Әр қатысушыға математика пәні бойынша 4 тапсырманы орындау ұсынылды.

Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталды: І орын – 5, II орын – 5, III орын - 9.

Олимпиада физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т.И. Амановтың есімімен байланысты, дарынды жастарды қолдау және облыстың зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды.