🎒 Оқушылар қауіпсіздік сабағында қандай тақырыптарды талқылайды?

🎒 Оқушылар қауіпсіздік сабағында қандай тақырыптарды талқылайды?

📔 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында қауіпсіздік сабақтары басталды. Бұл сабақтар апта сайын сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі, тақырып жылына үш рет қайталанады.
🗣 «Сабақтар балалардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескере отырып, балалардың әртүрлі өмірлік жағдайларда өз іс-әрекеттеріне сенімділігін қалыптастыруға бағытталған. Біздің міндетіміз – балаларға қажетті ақпаратты беріп қана қоймай, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету», – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
✔️ Қауіпсіздік сабақтарында келесі тақырыптарға баса назар аударылады:
🔷 Балабақшалардағы ересек топтардағы балалар үшін (4 жас):
• Шұғыл қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон нөмірлерін білу, шұғыл қызметке дұрыс қоңырау шалу, өзі туралы негізгі мәліметтерді есте сақтау, терезелерге байланысты қауіптерді ұғыну, сондай-ақ балалар алаңдарында, ойын орталықтары мен аттракциондарда өзін-өзі ұстау ережелерін қалыптастыру.
🔶 Бастауыш сынып балалары үшін:
• Су қоймасындағы қауіптер, есікті қағу кезінде қауіпті қалай тануға болады, бейтаныс адамдармен кездескенде қалай әрекет ету керек, мұз үстінде жүр қаупі, өзін-өзі қорғау, виртуалды достықтың қаупі және қаңғыбас иттер кезіккендегі сақтық шаралары.
🔺 Орта сынып балалары үшін:
• Қауіпті челленджер тақырыптары бойынша сабақтар, бөтен адамның шақыруын қабылдамау, көшедегі қауіпті нысандардан (мысалы, субұрқақтар, электр қалқандары) аулақ жүру, кибербуллинг және одан қорғану тәсілдері, ата-аналармен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы, интернеттегі қауіптер, сондай-ақ баланың құқықтары мен міндеттері.
🔰 Жоғары сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін:
• Алаяқтардың алдауына түспеу және өздерін табыстың күмәнді түрлерінен қорғау, онлайн-ойындардың тәуекелдерінен сақтану және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теріс эмоциялар мен сөздерге қатысты дұрыс әрекет ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары, ата-аналарға сенім және өз әрекеттері үшін жауапкершілік алу ережелері.
❗️Айта кетейік, сабақтар Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу