
Білім алушылардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, қоғам алдындағы жауапкершілігін сезіну және өзекті мәселелерді сыни тұрғыдан талдау мақсатында Республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті. Іс-шараға өңірдегі 19 фракциядан құралған 57 оқушы қатысты.
⏺️Турнирдің басты мақсаты – шешендік өнер, сендіру дағдылары мен сыни ойлауды дамыту, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ парламенттік мәдениетті қалыптастыру.
🏆Қорытынды бойынша жеңімпаздар анықталды:
Қазақ лигасы:
- І орын: Семей қаласы №45 мектеп – «Әділет» фракциясы
- ІІ орын: Білім-инновация лицейі – «Sages» фракциясы
- ІІІ орын: Аягөз ауданы К.Бозтаев атындағы мектеп – «Твикс» фракциясы
- ІІІ орын: Назарбаев Зияткерлік мектебі – «Шамшырақ» фракциясы
Орыс лигасы:
- І орын: Семей қаласы №37 гимназия – «Ыбырай дарындары» фракциясы
- ІІ орын: Семей қаласы №6 гимназия – «Старички» фракциясы
- ІІІ орын: Білім-инновация лицейі – «Кey to life» фракциясы
- ІІІ орын: Экономикалық лицей – «П.А.Д.» фракциясы
Ағылшын лигасы:
- І орын: Семей қаласы №37 гимназия – «Cherry gloss» фракциясы
- ІІ орын: Назарбаев Зияткерлік мектебі – «Зерек» фракциясы
- ІІІ орын: Семей қаласы №5 гимназия – «Тарлан» фракциясы
- ІІІ орын: Білім-инновация лицейі – «Now or never» фракциясы
І орын иегерлері қазанда Астанада өтетін Республикалық кезеңге жолдама алды.