⚡️Абай облысында 100-ден астам мектеп Starlink-ке қосылған

⚡️Абай облысында 100-ден астам мектеп Starlink-ке қосылған

Биыл облыстың барлық мектебі 100% интернетпен қамтамасыз етілген. Бекітілген бюджеттен интернет қызметіне 628 миллион теңге бөлінді.

2023-2024 оқу жылында интернет жылдамдығын арттыру бойынша қосымша жұмыстар жүргізілді. 167 мектепте келісімшарт қайта жасалды, бұл жылдамдықты 2-4 Мбит/сек-тен 10-20 Мбит/сек-ке дейін арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде интернет жылдамдығы төмен мектептер саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 43% қысқарды.

📈Облыс бойынша Starlink технологиясына қосылу үшін жылдамдығы төмен 133 мектеп тізімі анықталған. Starlink жабдықтарын орнату 21 мамырда басталып, 2024 жылғы 1 тамызда аяқталады. Қазіргі уақытта 125 мектеп толығымен қосылған және оқу жылы басталғанға дейін тағы 8 мектепті қосу жоспарлануда.

Облыста 302 мектеп бар, оның ішінде қалалық мектептердегі интернет жылдамдығы техникалық мүмкіндіктерге байланысты 20-дан 200 Мбит/с-қа дейін, ал ауылдық мектептерде 4 – тен 214 Мбит/с-қа дейін өзгереді.