
Абай облысындағы ауыл балалары Алматыдағы IQanat Олимпиадасының дүбірлі ақтық сынында жетістікке жетті.
Абай облысынан 35 оқушы Алматыға өз күштерін сынап көруге аттанды. Абай, Ақсуат, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандарының 8-сынып оқушылары бақ сынады.
✅Финалда балалар Бурабайдағы барлық шығыны толық өтелетін IQanat мектеп-интернатында оқу мүмкіндігі үшін күресті. Олимпиада қорытындысы бойынша 8 оқушы IQanat мектеп-интернатында оқу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтсақ, 4 оқушы толық грант иегері атанса, 4 оқушы жартылай грант иегері атанды.
Еске сала кетсек, IQanat олимпиадасы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының тізбесіне енгізілген. Бұл жыл сайын 70-80%-ы көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан 1000-ға жуық баланы қамтитын әлеуметтік - білім беру жоба. Жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды.