⚡️100-ден астам бала «Туристік өлке» жобасына қатысты: Абай облысындағы жазғы демалыс

⚡️100-ден астам бала «Туристік өлке» жобасына қатысты: Абай облысындағы жазғы демалыс

Жарма ауданы Шар қаласында көшпелі кэмпинг ұйымдастырылды. Іс-шараға 100-ден астам бала қатысты, олардың қатарында мектеп парламенті мүшелері, өлкетану отрядтары мен спорттағы көшбасшылар бар.

Жазғы бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалар: «Туристік өлке», «Спорт көшбасшысы» және «Fun Kids».

⛰️«Туристік өлке» жобасы туристік дағдыларды, экологиялық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ Абай облысының географиясы, тарихы мен табиғаты туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Өлкетану отрядтарына әдістемелік көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Жоба аясында облыстық рейтингте жүлделі орындарға ие болған өлкетану жасақтары, сондай-ақ “Табиғатты аяла” облыстық байқау жеңімпаздары марапатталды.

⚽️«Спорт көшбасшысы» жобасы балаларды дене шынықтыруға тартуға және спорт көшбасшыларының қызметін үйлестіруге бағытталса, “Fun Kids” жобасында шығармашылық жұмыстар арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуын және Мектеп парламенті мүшелерінің белсенділігін арттыру мақсаты қойылды.

✅Оқушыларға демалыс күнді ашық ауада ойын технологиялары арқылы ұйымдастыру әдістері таныстырылды. Кездесу барысында Мектеп парламенті мүшелері және тәлімгерлермен жазғы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша әңгімелер жүргізілді, сондай-ақ арнайы жадынамалар табысталды. Барлық іс-шара қорытындысы бойынша балаларға тәтті сыйлықтар мен кітаптар табысталды.

Бұл жобалар жаз бойы жалғасады және басқа аудандарда да өткізілмек. Іс-шара балаларға демалуға және көңіл көтеруге ғана емес, сонымен қатар болашақта қолдануға болатын жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді.