⚡️Абай облысында «Үржарайым» лагері балалардың алғашқы легін қабылдады

⚡️Абай облысында «Үржарайым» лагері балалардың алғашқы легін қабылдады

15 Маусымда “Үржарайым” сауықтыру лагері салтанатты түрде ашылды. Абай, Бесқарағай, Бородулиха және Үржар аудандарынан 120 бала “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының жолдамасы бойынша демалысқа қабылданды.

✅Лагерь 11 мен 14 жас аралығындағы балаларды қабылдайды. Алты маусым жұмыс істейді. Әр маусым ұзақтығы - 10 күн. Балалардың уақыттарын тиімді өткізуі үшін барлық жағдай жасалған.

🎲🏀Лагерь бағдарламасына спорттық және зияткерлік іс-шаралар кіреді: үйірмелер мен секциялар, футбол, волейбол, теннис, тренинг ойындары, түрлі конкурстар, КТК, флешмобтар, тиктокерлерге арналған жарыстар және үздік топтық байқаулар.

“Үржарайым” лагері балаларға пайдалы және белсенді демалыс үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынып, олардың жан-жақты дамуы мен сауығуына ықпал етеді. Өткен жылы лагерьге 720 бала қабылданды.