🎖️Соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында облыстың бес ұстазы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

🎖️Соңғы қоңырау мерекесі қарсаңында облыстың бес ұстазы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды

🔔Бүгін облыстың барлық мектебінде «Мектебім, саған мың алғыс!» мектеп бітіруші түлектерге арналған іс-шара өтті.

Мерекелік шарада облыс бойынша «Үздік мұғалім» атағын иеленген 5 ұстазға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісі табысталды.

✅Бородулиха ауданынан М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсел Ықыласова, Камышенка орта мектебінің көркемсурет пәні мұғалімі Галина Сафронова, Н.Островский атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі Саят Бодомбаев және Семей қаласы Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия мұғалімі Қуат Оразалин, Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Жанар Дурмекбаева «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.

Марапатты Білім бөлімі басшылары мектеп бітірушілерге арналған соңғы қоңырау жиынында табыстады.

Білім саласын­дағы ұзақ жылғы еңбегінің жемісі ретінде бұл күні ұстаздар ұлықталып, төсбелгі тағылды.