⚡️«AGROSKILLS - 2024» ІІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

⚡️«AGROSKILLS - 2024» ІІ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Мақсаты - ауыл шаруашылығы мамандықтар беделін арттыру және кәсіби білім беруді дамыту, мамандарды даярлау сапасын жақсарту.

Байқау Жарма технология колледжі базасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь», «Фермерлік шаруашылық» және «Ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану» құзыреттері бойынша өтуде. Іс-шара ауыл шаруашылығы өндірісінің кәсіптерін дәріптеуге, студенттердің дайындық деңгейін бағалауға бағытталған.

Кәсіби байқауға 6 ауылдық колледжден 26 қатысушы қатысады. Олар 4 модуль бойынша 8 жұмыс алаңында кәсіби шеберліктерін көрстетеді. Қатысушылардың жұмыстарын 24 сарапшы бағалайды.

Қатысушы колледждер: Абай колледжі, Бесқарағай колледжі, Ақсуат колледжі, Бородулиха колледжі, Жарма технология колледжі және Үржар колледжі.

Конкурс 16 мамыр күні қорытындыланып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болады.

Айта кетейік, биыл байқау облыста екінші рет ұйымдастырылды. Былтыр 3 құзыреттілік болса, осы жылы саны артты.