⚡️РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

⚡️РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Абай ауданында «Оқу-тәрбие үдерісіне салауатты өмір салтының негізгі бағыттарын енгізе отырып, ұлттық құндылыққа негізделген білім беру» республикалық семинары өтті. Мақсаты - Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тәрбие бағыттарын оқу үдерісіне кіріктіре отырып, салауатты өмір салты қалыптасқан сындарлы жеке тұлға дамыту.

Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімі басшылары, мектеп диреткорлары мен оқу ісінің орынбасарлары қатысты. Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА бас ғалым секретарі, РҺД доктор Жанна Жакиянова, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА бас ғылыми қызметкері Алмагүл Мухамедханова, Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айжан Құрманова қатысты.

✅Екі бөлімнен тұрған іс-шара оқушылардың қолөнер бұйымдары қойылған көрмеден басталды. Тәжірибелік бөлімде мектеп жас мамандары сабақтар өткізді. Физика, биология, математика пәндері бойынша ашық сабақтар өтілсе, «Ұшқыр ой» дебат клубының жұмысы оқушылармен көрсетпе ойын арқылы көрсетілді. Тәрбие алаңында сынып жетекшілердің тәрбие сағаты жоба түрінде сахналанды. «Абайды оқы, таңырқа» оқушылар клубы Абай өлеңдерін жаттату әдістерін бөлісті. Семинар соңында сергіту сәті ретінде танымды мазмұнда «Қазына аралы» квест ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шара Абай ауданы Жалпы орта білім беретін мектебінде өтті. Мектеп командасы Lesson Study сабақты зерттеу тәсілін педагогикалық тәжірибеде тиімді қолданып келеді.