
✔️ «Бурабай-2024» халықаралық жарысы өтті. Мақсаты - халықтар достығын нығайту,оқушылардың туризмге деген қызығушылығын арттыру, табиғатты аялау, жасөпірімдердің білімдерін жетілдіру. Спорттық сайысқа Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай елдерінен командалар қатысты.
Бес күн бойы қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай өзара бақ сынасты. Аягөз ауданы №4 жалпы орта білім беретін аралас мектеп оқушылары өнер көрсетіп, жүлделі орындар иеленді. І орынды Мансур Елубаев командасы иеленді. ІІ орынды Ұлан Болатов және Әділ Айдосов алса, жүлделі ІІІ орынмен Мухамет Бағдатов тобы марапатталды. Жетекшісі - Мақсат Ардашев.
Оқушылар дәстүрлі Халықаралық жарысқа 2019 жылдан бастап қатысады.
Айта кетейік, сайыс сәуір айының 30 сәуір-5 мамыр аралығында Щучинск қаласында өтті.