⚡️«CPFED Abay» республикалық чемпионаты өтті

⚡️«CPFED Abay» республикалық чемпионаты өтті

Чемпионат мақсаты - ҚР бойынша спорттық бағдарламалау бағытын дамыту, инженерлік бағытқа қызығушылығы бар оқушыларды қолдау.

Чемпионатқа қалалық, аудандық, облыстық білім беру ұйымдарынан 30-дан аса оқушы және студенттер қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 7 қатысушы жеңімпаз атанды:

🏆І орынды НЗМ оқушысы Әкежан Асқар иеленді. Жүлделі ІІ орынды «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицейінің 9-сынып оқушысы Әлем Аменов мен НЗМ оқушысы Жасын Әсетұлы алды. ІІІ орынмен Шәкәрім атындағы университетінің 2-курс студенті Қаныш Мұхаметкәрім, «БІЛІМ ИННОВАЦИЯ» лицейінің 8-сынып оқушылары Мағжан Дастанұлы, Темірлан Жүнүсов және НЗМ оқушысы Арнұр Нұрғазин марапатталды.

Жеңімпаздар ҚР спорттық бағдарламалау федерациясының қаржылай сыйлықтарына ие болды.

Айта кетейік, спорттық бағдарламалаудан чемпионат биыл облыста 4-рет ұйымдастырылды. ШҚО, СҚО, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстарында да республикалық чемпионат жылда өтеді.
Іс-шара Абай облысы білім басқармасы Alikhan Bokeikhan University, IT Valley технологиялық кластері және Республикалық спорттық федерациясымен бірлесіп өткізді.