РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДА АБАЙ ОБЛЫСЫ ОҚУШЫСЫ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУДА АБАЙ ОБЛЫСЫ ОҚУШЫСЫ І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конурсы өтті

Байқау мақсаты – М. Жұмабаев мұрасын дәріптеу, жас буынның классикалық әдебиетке қызығушылығын арттыру, ұлылар поэзиясының құдіретін сезіну, насихаттау.

✅Үш бағытта өткізілген байқауға 7-11 сынып оқушылары қатысты. Еліміз бойынша 19 өңірден 52 қатысушы бақ сынады.

🥇«Өлең - менің шолпаным, айым, күнім» бағыты бойынша Аягөз ауданы, Мыңбұлақ ЖОББМ оқушысы Нұржан Ақерке жүлделі І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.

Бородулиха ауданы, Жезкент кентінің мектеп-лицей оқушысы Назерке Кадырова және Абай ауданы, Ш.Әбенов атындағы орта мектеп оқушысы Балауса Серікқызы қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Конкурс 24 - 25 маусым күні Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар қаласында ұйымдастырылды.