
Білім басқармасының басшысы Нұржан Ахметқалиевтің төрағалығымен өткен алқа отырысында облыстың білім беру жүйесінің негізгі жұмысы талқыланды. Білім беру сапасын арттыруға және білім берудің өзекті мәселелеріне, балалардың құқықтары мен қауіпсіздігіне басты назар аударылды.
Күн тәртібінде қозғалған мәселелер:
- 2023-2024 оқу жылындағы білім беру қызметі қорытындыларын талқылау және келесі оқу жылына міндеттер;
- Инфрақұрылымды дамыту;
- «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндама маңыздылығы және оның білім беруді дамыту стратегиясына әсері.
Басқарма басшысы Нұржан Ахметқалиев «Барлығына қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасының маңыздылығын баса айтты.
💬«Жобада еліміздің барлық білім беру саясаты көрсетілген. Атап айтқанда, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, орта білім беру сапасын арттыру, өңірлер, қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту, мектептерді жайлы қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету, қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік білім беруді іске асыру, жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Облыстың білім беру жүйесінің жұмысы осы Жол картасын іске асыруға бағытталған”,-деп атап өтті басшы.
📊 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы бақылау іс-шараларының қорытындылары туралы Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Бакытгуль Масалимова баяндады.
✍️8 әлеуметтік жоба іске асырылды, оған 45 мыңға жуық оқушы жұмылдырылды. 1200 баланы қамтитын «Жаңалықтар жолы» жобасы арқылы тарихи-мәдени мұраны сақтауға және балалар туризмін дамытуға ерекше назар аударылады.
🛠 “Колледждердегі жазғы кәсіптік бағдарлау лагерьлері” жобасы 360 оқушыны тарта отырып, 5 колледжде сәтті жүзеге асырылуда.
✅Жаңа оқу жылында биология, физика, химия және STEM кабинеттерін қоса алғанда, ауылдық жерлердегі мектептер үшін 50 жаңа модификация кабинетін сатып алу жоспарлануда.
Отырыс нәтижесі бойынша ұсыныстар айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ өңірдегі білім беруді дамытуға елеулі үлес қосып, еңбек сіңірген қатысушылар марапатталды.