
Бүгін «Жайлы мектеп» жобасы аясында пайдалануға берілетін мектептерде лицензиялау, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Бүгінгі күні Семей қаласы, Ақсуат, Аягөз, Бесқарағай аудандарының білім бөлімдерінің бұйрықтарымен пайдалануға берілетін Жайлы мектептерге ресми орналасқан жері бойынша көшелер, үйлер (шағын учаскелер) бекітілді, білім алушылар мен педагогтарды жаңа мектептерге қабылдау процесін тиімді іске асыру бойынша жақын маңдағы мектептермен жұмыс жүргізілуде.
Алдын ала деректер бойынша мектептер 100% білікті педагогтармен қамтамасыз етіледі.