«Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының баспасөз хабарламасы

«Орта білім беретін үздік ұйым» облыстық конкурсының баспасөз хабарламасы

Абай облысының білім басқармасы 2024 жылдың 31мамырында «Орта білім беретін үздік ұйым» Конкурсының облыстық кезеңі өткізілетінін хабарлайды.

Мақсаты – тиімді педагогикалық және басқару тәжірибесін анықтау, қорыту және тарату, орта білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының кәсіби және  жеке тұлғалық өсуін ынталандыру, Абай облысының орта білім беру жүйесінің даму үрдісін анықтау.

Байқаудың облыстық кезеңіне қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары атанған мемлекеттік орта білім беру ұйымдары қатысады.

Конкурстық құжаттар 2024 жылғы 27 мамырға дейін «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте Елемесов көшесі 110 үй, №3 кабинетте қабылданады.

Құжаттарын құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 544 бұйрығымен бекiтiлген «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидалары.

Байланыс телефоны: Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-ң педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін дамыту бөлімінің басшысы Бейсембаева Н.Б., тел.: 87076532603.