«Біз – еріктілерміз!» атты Алғыс айту күніне арналған 8-11 сыныптар арасындағы еріктілер облыстық слетінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Біз – еріктілерміз!» атты Алғыс айту күніне арналған 8-11 сыныптар арасындағы еріктілер облыстық слетінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Абай облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2024 жылдың  29 ақпанында 8-11 сынып оқушылар арасында еріктілер облыстық форумы өткізілді.

Форум мақсаты - адамгершілік қарым-қатынасты тәрбиелеуге, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, өзінің денсаулығына деген мәдени қарым-қатынас жасауға, адамдарға құрметпен қарауды қамтамасыз етуге, қоғамға, өзіне, өмірге деген позитивті қарым-қатынасқа, белсенді өмірлік ұстаным мен патриотизмді тәрбиелеуге шақыру.

Облыстық слетке 35 үздік еріктілер топтарынан 105 еріктілер қатысып, еріктілер қызметінің бағыттарына сәйкес «Мәдени волонтер», «Әлеуметтік волонтер», «Спорттық волонтер», «Патриоттық волонтер»,  «ЭКО волонтер», номинацияларымен марапатталды. Сонымен қатар слетке арнайы шақырылған Абай жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы, облыстық волонтерлер фронт офисінің жетекшісі, облыстық пікірсайыс қозғаласынын үйлестірішісі –Молдақашев Қуаныш Панарбекұлы, Семей қаласының жастар ресурстық орталығының директоры – Мақсұтов Елдар Назарұлы, Lider.kz еріктілер қозғалысының жетекшісі – Павел Евгения Николаевна, Балалар мен жастар шығармашылығы сарайы директорының орынбасары, Семей қаласы мектептерінің мектеп Парламенті президенттері қалалық кеңесінің басшысы– Ахметова Алия Аманжоловна, «Исток» қоғамдық бірлестігінің директоры - Михайлова Людмила Дмитриевна қатысып тәжірбиелерімен, еріктілер қозғалысының бағыттары мен қызметтері туралы ақпараттар берді.