
2023 жылғы 13 ақпан күні Абай облысы білім басқармасының ДҚББДҒӘ «Дарын» орталығы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп Парламенті төтенше жағдайлар министрлерімен «Әр уақыттың өз батыры бар» атты тақырыбында онлайн вебинар өтті.
Абай облысының аудандары мен қалалары бойынша жиыны 100 оқушылары қатысты.
Вебинарға Семей қаласындағы № 7 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Нұртазаев Елдос Нұрдәулетұлы қатысып өз мамандығы және жұмыс барысында кездесетін қиындықтары туралы әңгімелерімен бөлісті. Қатысқан мектеп оқушылары өрт сөндіруші мамандығы туралы көптеген мағлұматтар алып, адамның құндылық қасиеттерін қалыптастыруда батылдық, Отанға деген сүйіспеншілік, Отан мүддесін қорғау жөніндегі азаматтық борышты берік ұстануды түсінді. Вебинарға қатысушылар Елдос Нұрдәулетұлының өрт сөндіру кезіндегі кездескен қиыншылықтарға төтеп, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін білдірді.