⚡️Облыстың үздік жыл психологі анықталды

⚡️Облыстың үздік жыл психологі анықталды

⚪️«Үздік жыл психологі» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті. Конкурс психологтердің кәсіптік деңгейін көтеруге, шығармашылық әлеуетін іске асыруға, білім беруде практикалық психологияның қызметін дамытуға бағытталған.

🖇️Байқауға үш санат бойынша колледж, мектеп, балабақша, қосымша білім беру ұйымдары психологтері қатысты. Облыстық кезеңде аудандық, қалалық кезеңнен іріктелген 20 психолог бақ сынады. Қатысушы мамандар қолданыстағы тәжірибелік қорытындысы бар авторлық бағдарламаларын ұсынды. Әділқазылар құрамында Шәкәрім университеті мен Әлихан Бөкейхан Университеті аға оқытушылары болды. Олар өзекті, тапсырмалар мен жаттығулар кешені жинақталған, ғылыми негізделген жұмыстарды іріктеп алды.

🏆Қорытынды бойынша І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары анықталып, дипломдармен марапатталды. Семей қаласы мен Жарма ауданы мамандары І орын иеленді, ІІ орынды Семей қаласы мен Аягөз ауданы психолог мамандары алса, жүлделі ІІІ орын Семей қаласы мен Аягөз ауданына бұйырды. Сондай-ақ Ақсуат, Жарма ауданы қатысушыларына «Жас психолог», «Мәртебелі психолог», «Өз саласының кәсіби маманы» номинациялары табысталды. Конкурста үздік деп танылған 6 психолог республикалық кезеңге жолдама алды.

Айта кетейік, психолог мамандарға арналған конкурс жыл сайын өткізіледі. Оған соңғы үш жылда конкурсқа қатыспаған мамандар қатысады. Республикалық кезең 2024 жылғы 4-6 наурыз аралығында өтеді.