
Тоғызқұмалақ – қазақтың ірі спорт түрлерінің бірі, логикалық математикалық ойлау мен төзімділікті дамытуға арналған логика мен тапқырлыққа арналған үстел үсті ойыны. Бұл жарыста екі ұл, екі қыздан құралған қатысушылар жеңіске деген асқан жігер, табандылық танытып, жарысты абыроймен аяқтады. Үш жас ерекшеліктері бойынша 23 команда қатысты.
Хаттама бойынша жүлделі орындар төмендегідей нәтижемен бекітілді:
5-6 сыныптар арасында
1 орын – Семей қаласы «Экономикалық лицейі» КММ;
2-орын – Үржар ауданы «Б.Момышұлы орта мектебі» КММ;
3 орын – Аягөз ауданы «№4 орта жалпы білім беретін аралас мектебі» КММ.
7-8 сыныптар арасында
1 орын – Семей қаласы «№11жалпы орта білім беретін мектебі» КММ;
2 орын – Үржар ауданы «Тасарық негізгі мектебі» КММ:
3 орын – Бесқарағай ауданы «Канонерка орта мектебі» КММ.
9-11 сыныптар арасында
1 орын – Абай ауданы «Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясы» КММ;
2-орын – Үржар ауданы «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ;
3 орын – Бесқарағай ауданы «Канонерка орта мектебі» КММ.
Төрешілер алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалары Кубоктар мен грамоталармен, ал бұл командадағы қатысушылар Абай облысының білім басқармасы ДҚББДҒӘ «Дарын» орталығының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.
Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде сәттілік тілейміз.