Республика күніне орай «Менің аймағымның мақтанышы» атты облыстық байқау өткізілді

Республика  күніне орай «Менің аймағымның мақтанышы»  атты облыстық байқау өткізілді

2023 жылдың  17-20 қазан аралығында  Республика  күніне орай «Менің аймағымның мақтанышы»  атты облыстық байқау өткізілді.

Байқауға «Жаз-2023»  үздік жорығы, «Мектеп мұражайының үздік экспозициясы», «Менің аймағымның айтыскері» және «Eko-Bolashak» номинациялары бойынша 50 өлкетану жұмысы қатысты.

Әділ қазының шешімі бойынша ең үздік жұмыстар: Үржар ауданының Келдімұрат ауылынан келген «Ахмет Байтұрсынов мектебі» туристік номинациясында, Көкпекті ауданының Преображенка мектебі «Мектеп мұражайы» номинациясында үздік  деп танылса,  Семей қаласының № 10 мектебі айтыскер туралы үздік презентация ұсынды."Eko-Bolashak" номинациясында өз бейнеролигінде Семей қаласының № 46 мектебі өз  мектеп ауласының жұмысы туралы жоғары дәрежеде көрсетті.

Көкпекті, Ақсуат және Аягөз аудандары ерекше белсенділік танытты. Ең көп жүлделі орындарға ие болған - Көкпекті ауданы.