«Жасыл мекен формуласы-2023» облыстық байқауының нәтижесі

«Жасыл мекен формуласы-2023» облыстық байқауының нәтижесі

 

Абай облысы білім басқармасы және «Дарындылық пен  қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми–әдістемелік «Дарын» орталығының» ұйымдастыруымен жалпы білім беретін мектептер, балабақша ұйымдарының арасында «Жасыл мекен формуласы-2023» білім беру мекемесінің үздік аумағын абаттандыру және көгалдандыру байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: тәрбиеленушілер мен оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, аумақтың сыртқы келбетін жақсарту, сондай-ақ облыстың білім беру ұйымдарының үздік аумағын анықтау.                                                                    

Байқаудың нәтижесінде үздік мектептер мен балабақшалар Дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Мектептер бойынша жүлдегерлер:

Бас жүлде Семей қаласы, «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ, І орын Семей қаласы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ, І орынАягөз ауданы, «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп –гимназиясы» КММ, ІІ орын Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, ІІ орын Көкпекті ауданы,«Әуезов атындағы орта мектебі» КММ, ІІІ орын Аягөз ауданы, «Менаяқұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, ІІІ орын Көкпекті ауданы, «Шәріптоғай негізгі мектебі» КММ, ІІІ орын Семей қаласы, «№46 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, ІІІ орын Семей қаласы, «№11 жалпы орта білім беретін  мектеп» КММ.

Балабақшалар бойынша жүлдегерлер:

Бас жүлде Семей қаласы, №12 «Ажар» бөбекжайы КМҚК, І орын Семей қаласы, «№15 балабақшасы» КММ, ІІ орын Аягөз ауданы,«Аягөз қалалық №5 бөбекжай – балабақшасы» КМҚК, ІІІ орын Жарма ауданы, Жарма ауданы білім бөлімінің «Айгөлек балабақшасы» КМҚК.

Номинация иегерлері:

«Креативтілік» Семей қаласы, «№45 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Үйлесімді экспозиция» Семей қаласы, «Озерки ЖОББМ» КММ, «Үйлесімді экспозиция» Аягөз ауданы, «Мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта білім беретін №6 мектеп» КММ, «Үздік оқу – тәжірибелік үлескі» Аягөз ауданы, «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, «Гүлдер әлемі» Көкпекті ауданы, «А.С.Пушкин  атындағы орта мектебі» КММ, «Ең үздік демалыс орны» Семей қаласы, «Шақаман жалпы орта білім беретін  мектебі» КММ, «Үздік жылыжай шаруашылығы» Жарма ауданы, «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ.

Облыстық байқау жүлдегерлерін құттықтаймыз!