💐Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – мен үшін ерекше тұлға. Мен ұстаз алдынан тәлім алып, ұлағатты болмысын үнемі өнеге етіп келемін. Себебі ұстаз - болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл қоғамды қалыптастыратын, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытатын ардақты тұлға. Дана Абай «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан» деп айтпақшы, ұстазға деген халқымыздың құрметі ерекше. Ілім мен ізгілікті алға қоятын аяулы ұстаздардың еңбегі қашан да бағалы.
Мемлекет басшысы өз жолдауларында ұстаздарды қолдау саясаты жалғаса беретінін айтып келеді. Біздің облысымызда да ұстаздарға барынша жағдай жасалуда.
💐Аяулы ұстаздар, сіздерді мерейлі мерекемен құттықтаймын. Шәкірттеріңіздің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, күндей жарық беріп, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде еңбектеріңіз жанып, мәртебелеріңіз асқақтай берсін!
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, қажырлы да қастерлі ұстаздық қызметте табыс тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Нұржан Ахметкалиев