Тоғызқұмалақтан Абай облысы мектептерінің оқушылары арасындағы облыстық турнир өтті

Тоғызқұмалақтан Абай облысы мектептерінің оқушылары арасындағы облыстық турнир өтті

       2023 жылдың  27 қыркүйек күні  басталған Абай облыс білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығының» жоспарына сәйкес, Семей қаласының

№ 48 ЖОББМ  акт залында тоғызқұмалақтан Абай облысы жалпы орта білім беретін мектептерінің 2-4 сынып оқушылары арасындағы облыстық турнир үш күнге жалғасып, 29 –қыркүйек күні өз мәресіне жетті.

Тоғызқұмалақ турнирінің ұлдар арасындағы қорытындысы  бойынша,

 1-орын  №47 ЖОББМ оқушысы  Хасен Ерсұлтан,

 2-орын №11 ЖОББМ оқушысы  Әлібек Қайсар,

 3-орын  Абай атындағы ММГИ оқушысы Ғаббас Нұрәли,

 3-орын  Жарма ауданы Ақтайлақ ЖОББМ  мектебінің оқушысы Султанов Еркін марапатталды.

    Турнирдің қыздар арасындағы қорытындысы бойынша,

1-орын №11 ЖОББМ оқушысы   Серикова Айзере,

2-орын №49 ЖОББМ оқушысы  Мамтимен Салима,

3-орын  Ұржар ауданы Б.Тұрлыханов атындағы ЖОББМ  оқушысы Айтқазы Назерке,

3-орын Абай атындағы ММГИ  оқушысы Әнуар Ақниет  марапатталды.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Турнирге  ат салысып, тоғызқұмалақ ойынының әділ де,жоғарғы деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқан,  бас төреші Семей қаласының №11 ЖОББМ  дене шынықтыру мұғалімі   Кусаинов Алтынбек Болатбекұлына алғыс білдіреміз.