
Бүгін облыс орталығында Абай облысының тауар өндірушілерінің мектеп формасы жәрмеңкесі өз жұмысын бастады.
Жәрмеңкеде ұлдар мен қыздарға арналған мектеп керек-жарақтарын, соның ішінде мектеп формасын,аяқ киімін "Семспецснаб", "УК Юнис","Vaskania", "Семей аяқкиім фабрикасы" ЖШС, «Ақтұмар» ЖК жәнет.б. ұсынады. Жәрмеңкеде ата-аналар тауарларды қол жетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік алды.
Жәрмеңке 2023 жылғы 1-6 тамыз аралығында,сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін Семей қаласының Сәтбаев көшесі, 164, "Ертіс" сауда орталығында өтеді.
Жәрмеңкеге облысымыздың барлық тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз!