
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысы негізінде 2018 жылдан бастап жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін жергілікті бюджеттен білім беру гранттары бөлінеді.
Алдыдағы оқу жылына жергілікті бюджеттен бакалавр мамандықтарына 200 грант бөлінді.
Абай облысы білім басқармасы 2023-2024 оқу жылына арналған облыстық бюджет қаражаты есебінен конкурстық негізде білім беру грантын алуға өтініштер қабылдайтынын жариялайды (Абай облысы әкімінің гранты).
Облыстық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын тағайындау (әкімінің гранты) конкурсына қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылғы 5-10 тамыз аралығында https:// https://abay-abiturient.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Ағымдағы жылдың тамыз айында конкурстық комиссияның отырысы өткізіліп, онда грант иегерлері айқындалады. Грант иегерлерінің тізімі 20 тамыздан кейін білім басқармасының сайтында жарияланады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы отандық жоғары оқу орындарына түсу үшін 2023-2024 оқу жылына арналған шекті балдарды жариялады:
- «Құқық» және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы үшін кемінде 75 балл,
- «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина)» саласы бойынша кемінде 70 балл,
- ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 65 балл,
- «Ауылшаруашылығыжәнебиоресурстар», «Ветеринария»кемінде 60 балл,
- басқа жоғары оқу орындары кемінде 50 балл жинауы керек.
Бұл ретте ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Білім беру грантына түсетін үміткерлерге тағайындалған жеңілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген квоталар бойынша анықталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі: өтініш; білім туралы құжат (аттестат немесе диплом қосымшасымен) - тұпнұсқасы; жеке куәлiк көшірмесі; 075/У үлгісіндегі медициналық анықтама; тестiлеу нәтижелерi бар сертификат; 3*4 фотосурет - 4 дана.