Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысы өтті

Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысы өтті

2023 жылғы 9-10 маусымда Жамбыл облысының Тараз қаласында Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысы өтті. Жарыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдайжасау.

Быйылғы жылыжарысқа еліміздің әр түкпіріненжыйналған 180 бала   қатысты. Біздің облысымыздан 8 бала  5 номинация бойынша қатысты.Радиомен басқарылатын көлік модельдері:

           1)1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы

Тікелей жүретін автотрассалық модельдер (жартылай көшірме):

           2)  1/24 масштабтағы модель

Кеме модельдері:

3) Ф -2 - А;

4)FSR-ECO-STANDART

Зымыран модельдері:

5)S6А –стример;

Әуе модельдері:

6) F-3-Р (пенолёт) моделі;

           7)F-1-H планер моделі;

           8)кордалы жарты копия, контурлы моделі;

           9) кордалы F-2-В пилотаж

           Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының «Вираж» спорттық-техникалық шығармашылық үйірмесінің тәрбиеленушісі Досмагулов Алемхан F-3-РӘуе моделіменІІІ орын алып құнды сыйлық иеленді. Жетекшісі Бабенко С.Н. республикалық оқу әдістемелік орталығының Алғыс хатымен марапатталды.