Міне, біздің жазымыз осындай!

Міне, біздің жазымыз осындай!

Жаз - демалу уақыты, жаңа әсер алу уақыты, балалардың дамуындағы жаңа кезең. Бұған Абай облысы Семей қаласының Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының «Жұлдыз» жазғы оқыту алаңы ықпал етеді.

Күн сайын таңертең 6-12 жас аралығындағы 125-тен астам бала Балалар мен жастардың шығармашылық сарайына  асығады. Олар күні бойы сағат 18.00-ге дейін осында өткізеді. Олардың әрқайсысы 12 үйірмеде, студияларда және секцияларда қызықты сабақтарға қатысады. Үйірмені таңдау ерікті түрде. Бұл хореография және вокал, театр және бейнелеу өнері, авиамодельдеу және робототехника, дойбы, асық және спорттық ойындар, фитнес және үстел теннисі, мобилография. Күніне екі рет ыстық тамақтану және күндізгі ұйқы балаларға күш пен қуат береді. Түстен кейін оларды «Хогварсттың сиқырлы әлемі», «От Кубогі» ойын-сауық бағдарламасы, «Сиқырлы спорттық сынақтар», «Құпия бөлме» квест ойыны, «Сиқыршылардың философия тасы үшін шайқасы» күтіп тұр.

Әрбір бала үшін «Жұлдыз» өз шегін ашты: біреу жаңа достар тапты, біреу өзін жаңа шығармашылық бағытта көрсетті, біреу өзі үшін жаңа жаңалықтар ашты, ал біреу жеңіліске ұшырамауды үйренді.

«Жұлдызда»  өткізілген күндер балалардың есінде ұзақ сақталады және ұмытылмас әсерлерге, пайдалы істерге және жағымды естеліктерге толы болады деп үміттенеміз.

Балалар демалып, жаңа білім алады, дағдылар мен шеберлікке үйренеді, олардың ата-аналары тыныш жұмыс істейді. Олар балаларының Балалар мен жастардың шығармашылық сарайының сенімді, әрі жауапты педагогикалық ұжымының қолында екенін біледі.