
🍃Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жасыл мекен формуласы-2023» білім беру ұйымдарының үздік аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша облыстық байқау басталды.
✔️Мақсаты – тәрбиеленушілер мен оқушылардың экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, сонымен қатар табиғат ресурстарына ұқыпты көзқарасын қалыптастыру,аумақтың сыртқы келбетін жақсарту, сондай-ақ облыс шекарасындағы білім беру ұйымдарының үздік аумағын анықтау арқылы аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру мәселелерін шешуге білім беру мекемесінің қызметкерлерін, студенттер мен оқушыларды тарту.
✔️Байқау 31 мамыр мен 18 тамыз аралығында өткізіліп, қорытындысы 24 тамызға дейін жүргізіледі.
✔️Байқаудың барлық критерийлері:
- идеяның өзіндік ерекшелігі, дизайн стилі мен дизайн бірлігі, мекеме аумағын абаттандыру мен көгалдандырудың жалпы композициялық шешімі;
-абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың мәдени, эстетикалық және практикалық маңызы,аумақты функционалдық ұйымдастыру;
- гүлзарлардың түс үйлесімі және гүлдеу ұзақтығы;
- шағын архитектуралық фигураларды жобалау және қызмет көрсету - ШАФ;
- әртүрлі флоралық және сәндік элементтер мен шағын архитектуралық формаларды пайдалана отырып, түрлі-түсті композициялар жасауда жаңашыл идеяларды ескере отырып, аумақтың санитарлық жағдайы мен эстетикасын;
- жұмыс формалары мен әдістерінің жаңалығы мен өзіндік ерекшелігі;
-ландшафт топтарының жай-күйі мен сәнділігі (жалпы сәндік-санитарлық жағдайы, сәндіктің максималды ұзақтығы кезеңі);
- ағаш екпелерінің жай-күйі (бұталардың, ағаштардың жалпы сәндік-санитарлық жағдайы; түр құрамының әртүрлілігі);
- ашық алаңдардың жағдайы (көгалдар мен шөп жамылғысының жағдайы);
- демалыс аймағының болуы және жағдайы;
- спорт алаңдары мен аумақтың құрамдас бөліктерін күтіп ұстау;
- барлық қатысушыларды абаттандыру, көгалдандыру және жасыл аумақтарды күтіп-баптау процесіне тарту, оқу-білім алаңында (ОБА) эксперименттер мен зерттеулерді орнату;
- жылыжай шаруашылығының жағдайы;
- «9 ай – 9 іс-шара» аясында білім беру ұйымдарының «Жасыл мекен» республикалық байқауына қатысудың нәтижелілігі.
✔️Байқаубалабақшалар, жалпы білім беретін мектептер және ТжКБ арасында өткізіледі. Жеңімпаздары « ЖББМ жасыл мекен формуласы - 2023»,
«Мектепке дейінгі мекеме жасыл мекен формуласы - 2023», « ТжКБ жасыл мекен формуласы» - 2023» деп аталып, диплом және грамоталармен марапатталады.
✔️12 бағыт бойынша номинация иелері анықталады.